Жаңаөзен қаласының құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/355 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашада № 2876 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1 тармағының 12 - 3) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).

      3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А.Қарамұрзаев

Қалалық мәслихат


хатшысы

С. Мыңбай


  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2015 жылғы 26 қазандағы
№ 43/355 шешімімен бекітілген

Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 10.12.2020 № 52/571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1 тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Құрмет грамотасымен қаланың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар наградталады.

      3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

      4) алып тасталды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.08.2023 № 6/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 

2 тарау. Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, қаланың өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.

      5. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады.      Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.      Қала әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының наградтау бетшесіне қала әкімімен қол қойылады.

      6. Қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты қала әкімі аппаратының және қалалық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.08.2023 № 6/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Егер ұсынылған кандидат немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, осы ұсыныс қалалық мәслихаттың сессиясында қарауға енгізілмейді.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Жаңаөзен қалалық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      9. Құрмет грамотасымен қайталап наградтау жүргізілмейді.

      Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.

      Ескерту. 10 - тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.08.2023 № 6/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Наградтау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал қала әкімі аппаратының наградтау мәселесі жөніндегі маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі қала әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде қала әкімімен, қалалық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және қала активінің жиналыстарында табыс етіледі.

      Ескерту. 12 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.08.2023 № 6/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3 тарау. Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      13. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.

      Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Жаңаөзен қаласының символы орналасады.

      Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.

      Мәтіннің астында қосарланып қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.

      Ескерту. 13 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.08.2023 № 6/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады