Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 4 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 4547-12 болып тіркелді

      Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІМ:

      1. "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2787 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      №171 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№171 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Өтес жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сайөтес ауылы, №6,7,9 теміржол бекеттері.";

      №178 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№178 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Тұщықұдық ауылы, Қияқты, Досалы елді мекендері.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Г. Ниязов

      Аты-жөні

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау аудандық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады