Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 195 "Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 4550-12 болып тіркелді

      Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №195 "Маңғыстау ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4455 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Г. Ниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады