Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4/29 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 шілдеде № 4587-12 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16 сәуірде 2024 жылғы № 11/84 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 11/84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3176 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      6 тармақтың 3) тармақшасының он сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      7 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) санаторийлік-курорттық емдеуге мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдердің бірінің және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүретін адамның санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы Е. Махмутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады