Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 3/20 "Маңғыстау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсанда № 7/53 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 4652-12 болып тіркелді

      Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №3/20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4576-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы Е. Махмутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады