Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/56 "Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/48 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қазанда № 4619-12 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/56 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25893 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2.Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.".

      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады