Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/56 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25893 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.07.2023 № 5/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.07.2023 № 5/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 9/56 шешіміне
  қосымша

Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшаның орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.07.2023 № 5/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.07.2023 № 5/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталды және Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 7/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 - тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.07.2023 № 5/37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен Түпқараған ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде алушылардан өтініштер талап етпей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Түпқараған ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады