Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
реттік номері 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
2 | Форт-Шевченко қаласы | "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында |
";
реттік номері 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
7 | Баутин ауылы | "Маңғыстау облысы білім басқармасының "Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы |
";
реттік номері 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
9 | Баутин ауылы | "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының бөлімшесінің жанында |
";
орыс тіліндегі реттік номері 15-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түпқараған аудандық
сайлау комиссиясы