Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы №11/65 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25224 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері";
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Билялов |