Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ "Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарынбекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 300-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қаңтарда № 4664-12 болып тіркелді

      Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарынбекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы №238-қ қаулысына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3468 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы ауданының әкімі Е. Кумискалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

      министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Мұнайлы аудандық санитариялық- эпидемиологиялық

      бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      Маңғыстау облысының Полиция департаменті

      Мұнайлы ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 300-қ қаулысына қосымша
  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 20 қарашадағы
  № 238-қ қаулысына қосымша

Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет
саласы

Маңғыстау ауылы

1

№2/46 учаскеде орналасқан "Андакулов" жеке кәсіпкерінің автогаз құю станциясына қарама-қарсы

128

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

2

24 орамның №10/3 учаскесінде орналасқан "Дана" супермаркетіне қарама-қарсы

96

5

"Дана" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

3

"Бесшоқы" тұрғын үй массивінің №471/2 учаскесінде орналасқан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Мұнайлы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №3 учаскелік полиция пунктінің алдында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

4

"Шерқала" тұрғын үй массивінің №410/3 учаскесінде орналасқан "Салтанат" сауда орталығына қарама-қарсы

160

5

"Салтанат" сауда орталығы

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

5

№2/54 учаскеде орналасқан "ASEL" автогаз құю станциясына қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Баянды ауылы

6

"Баянды-2" тұрғын үй массивіндегі "Кәусар" кондитерлік дүкеніне қарама-қарсы орналасқан №119 учаскенің сол жағында

64

5

"Кәусар" кондитерлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

7

Ж.Нұрлаев көшесінде орналасқан "Талғат" азық-түлік дүкенінің оң жағында

64

5

"Талғат" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

8

№2/3 учаскеде орналасқан "Қашқынбаев" жеке кәсіпкерінің автогаз құю станциясына қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

9

"Баянды-2" тұрғын үй массивіндегі "Зере" тігін шеберханасының сол жағында орналасқан №214 учаскеге қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

10

№9/8 учаскеде орналасқан "Ақжол" азық-түлік дүкенінің сол жағында

64

5

"Ақжол" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Қызылтөбе ауылдық округі

11

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивіндегі "Жамила" құрылыс дүкенінің сол жағында орналасқан №2009 учаскеге қарама-қарсы

96

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

12

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивінің №1608 учаскесінде орналасқан "Байғазы" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

64

5

"Байғазы" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

13

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивінің №801 учаскесінде орналасқан "Айгүл" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

80

5

"Айгүл" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

14

"Бірлік" тұрғын үй массивінің №19/1 учаскесінде орналасқан "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамының ғимаратының оң жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

15

Ш.Уалиханов көшесінің №8/11 учаскесінде орналасқан "Ер-Қосай" мейрамханасының оң жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

16

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивіндегі "Өркен" шағын маркетінің сол жағында орналасқан №34 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

"Өркен" шағын маркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Атамекен ауылдық округі

17

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №37/17 учаскесінде орналасқан "Ас-Мир" фотосалонына қарама-қарсы

64

5

 
"Рахат" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

18

"Туған-ел" тұрғын үй массивінің Балауса көшесіндегі "Adal et" ет дүкеніне қарама-қарсы орналасқан №102 учаскенің сол жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

19

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №1/3 учаскесінде орналасқан "Айдын" азық-түлік дүкенінің оң жағында

64

5

 
"Айдын" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

20

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №1/2 учаскесінде орналасқан "Али" супермаркетінің оң жағында

64

5

"Али" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

21

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №358/2 учаскесінде орналасқан "Рахат" супермаркетінің оң жағында

 
64

 
5

"Рахат" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

22

№2/17 учаскеде орналасқан "Тайқазан" мейрамханасының оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

23

"Шағала" тұрғын үй массивіндегі "Гараж 12 Region" техникалық қызмет көрсету станциясының оң жағында орналасқан №196 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

24

№2/75 учаскесінде орналасқан "LPG Trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автогаз құю станциясының оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Басқұдық ауылдық округі

25

"Самал" тұрғын үй массивінің №2/6 учаскесінде орналасқан "Сұлтан" кафесінің оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

26

"Самал" тұрғын үй массивінің Жұлдыз көшесіндегі "Safiya" сауда орталығының жанында орналасқан №1/2 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

27

"Рахат" тұрғын үй массивінің Шуақ көшесіндегі "Нұрбаулы" шағын маркетіне қарама-қарсы орналасқан №28 учаскенің сол жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

28

"Алау" тұрғын үй массивіндегі 1 орамның №43/3 учаскесінде орналасқан "Төлей-Ишан" мешітіне қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

29

"Болашақ" тұрғын үй массивінің Достық көшесіндегі "Бек" азық-түлік дүкенінің жанында орналасқан №893 учаскенің сол жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

30

"Болашақ" тұрғын үй массивінің Әділет көшесіндегі №745/1 учаскесінде орналасқан "Нұрсәт" шағын маркетіне қарама-қарсы

 
64

 
5

 
"Нұрсәт" шағын маркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Дәулет ауылдық округі

31

"Жаңа Дәулет" тұрғын үй массивінің №758/1 учаскесінде орналасқан "Игілік" азық-түлік дүкенінің сол жағында

 
64

 
5

"Игілік" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

32

І.Сариев көшесінің №94/3 учаскесінде орналасқан "Ақжол" азық-түлік дүкенінің сол жағында

 
64

 
5

 
"Ақжол" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

33

12 орамның №57/6 учаскесінде орналасқан "Жолай" авто көлік жуу орнының сол жағында

 
32

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Батыр ауылдық округі

34

"Астана" шағын ауданының 1 көшесіндегі №23 учаскеде орналасқан "Medina" медициналық орталығына қарама-қарсы

160

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

35

"Хазар" шағын ауданының 4 көшесіндегі №1 учаскеде орналасқан "Балерке" азық-түлік дүкенінің сол жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады