Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 776, 970-жолдар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 1003, 1004, 1005, 1006, 1007-жолдарымен толықтырылсын:
"
1003 | Плотинка көлі | 6 | Денисов |
1004 | Ұзынсор көлі | 300 | Жангелдин |
1005 | Большое Горькое көлі | 98 | Ұзынкөл |
1006 | Желтое көлі | 62 | Ұзынкөл |
1007 | Сор көлі | 98 | Ұзынкөл |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жариялағанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |