Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 279 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 шілдеде № 10039 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 50-1 жолмен толықтырылсын:

      "

50-1

Жосалы өзенінің учаскесі

500

35

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      комитетінің Қостанай облысының

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады