Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 19 шілдедегі | |
№ 299 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы 31 қазандағы | |
№ 532 қаулысына | |
қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
№ | Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі | Орын |
Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері | ||
спортшы | жаттықтырушы | клубтық команданың жетекшісі | |||
1 | Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары | 1-орын | 250 | 25 | 3 |
2-орын | 220 | 22 | 3 | ||
3-орын | 200 | 20 | 3 | ||
4-орын | 180 | 18 | 3 | ||
5-орын | 160 | 16 | 3 | ||
6-орын | 140 | 14 | 3 | ||
лицензия | 120 | 12 | 3 | ||
2 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 150 | 15 | 3 |
2-орын | 130 | 13 | 3 | ||
3-орын | 120 | 12 | 3 | ||
3 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия ойындары (ересектер) | 1-орын | 120 | 12 | 3 |
2-орын | 110 | 11 | 3 | ||
3-орын | 100 | 10 | 3 | ||
4 | Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада | 1-орын | 70 | 7 | 3 |
2-орын | 50 | 5 | 3 | ||
3-орын | 40 | 4 | 3 | ||
5 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем кубогы, Азия чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 80 | 8 | 3 |
2-орын | 70 | 7 | 3 | ||
3-орын | 60 | 6 | 3 | ||
6 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты | 1-орын | 70 | 7 | 3 |
2-орын | 60 | 6 | 3 | ||
3-орын | 50 | 5 | 3 | ||
7 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 60 | 6 | 3 |
2-орын | 50 | 5 | 3 | ||
3-орын | 40 | 4 | 3 | ||
8 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 60 | 6 | 3 |
2-орын | 30 | 3 | 3 | ||
3-орын | 20 | 3 | 3 | ||
9 | Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 20 | 3 | 3 |