Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
12, 13, 14, 16-тармақтар жана редакцияда жазылсын:
"12. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатты облыс мәслихатының аппаратына мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Қолдаухатта тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме, гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша ақпарат беріледі. Қолдаухатқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Қолдаухатқа құжаттарды куәландыратын көшірмелер, хаттама көшірмесі немесе мөр басылған жиналыс хататамасының көшірмесі, кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
13. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыстық мәслихат төрағасының ұсынысы бойынша облыстық мәслихат қабылдайды.
14. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын тапсыра алады: мәслихат төрағасы, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, мәслихаттың аппарат басшысы, атқарушы органдарының басшылары.
16. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан тұрады. Папканың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және алтынмен басылып, "ГРАМОТА" деген жазу бейнеленген.
Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты ақ қағаздан бүктелген күйде баспаханалық тәсілмен орындалады.
Қосымша беттің ішкі жағында үстінде және астында ұзына бойы алтын түстес ұлттық өрнек салынған.
Қосымша беттің беткі жағында:
жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, қазақ тiлінде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу;
ортада – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі;
қосымша беттің төменгі бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, қазақ тілінде "Қостанай облысы" төменде орыс тілінде "Костанайская область" деген жазу орналасады.
Қосымша беттің ішкі сол жағында:
жоғарғы бөлігінің ортасында – қазақ тілінде "Қостанай облыстық мәслихаты" төменде орыс тілінде "Костанайский областной маслихат" деген жазу;
ортада– Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
Қосымша беттің ішкі оң жағында:
жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" деген жазу;
жазудың астында "наградталады" деген сөзді, наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), наградталушы еңбектерінің қысқаша сипаттамасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады;
төменгі бөлігінде Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының қолы үшін мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады;
қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік құжатына сәйкес көрсетіледі.
Қосымша бет компьютермен терілген қара түсті шрифтермен принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.
Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысының әкімі
________________ Қ. Ақсақалов
2023 жылғы " " ______________