Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 6151 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Ахметова
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысының әкімі
      __________ А. Мұхамбетов

  Облыстық мәслихаттың
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 475 шешімімен бекітілген

Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже 1. Жалпы ереже

      1. Осы облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережеге сәйкес мынадай наградтау жүзеге асырылады: облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен; Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен.

      3. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен облыс (қала, аудан) алдында сіңірген еңбегін тану белгісі ретінде жеке және заңды тұлғалар:

      елеулі жетістіктері үшін: экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, әскери және мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі;

      халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін;

      қайырымдылық қызметі және облыс (қала, аудан) алдындағы өзге де еңбектері үшін наградталады.

      4. Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен:

      шығармашылық ұжымдар – халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигізген гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша;

      еңбек ұжымдары - облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградтала алады.

      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2. Облыс ( қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасы

      7. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатты облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратына еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Қолдаухатта тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме, гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша ақпарат беріледі. Қолдаухатқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Қолдаухатқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

      Өз кандидатурасын ұсынған тұлғадан түскен наградтау туралы қолдаухат қаралмайды.

      8. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасымен наградтау туралы өкімді облыстың (қаланың, ауданның) әкімі қабылдайды.

      9. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасын тапсыруды облыс (қала, аудан) әкімі немесе оның атынан және облыс (қала, аудан) әкімі уәкілеттілік берген тұлғалар оның тапсырмасы бойынша салтанатты және жария ету жағдайында жүргізеді.

      10. Наградтау бойынша материалдар облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратында сақталады.

      11. Облыс (қала, аудан) әкімінің Құрмет грамотасы қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан тұрады. Папканың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және алтынмен басылып, "ГРАМОТА" деген жазу бейнеленген.

      Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты ақ қағаздан бүктелген күйде баспаханалық тәсілмен жасалады.

      Қосымша беттің ішкі жағында үстінде және астында ұзына бойы алтын түстес ұлттық өрнек салынған.

      Қосымша беттің беткі жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, қазақ тiлінде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу;

      ортада – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі;

      қосымша беттің төменгі бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын көрсеткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазу орналасады, қазақ тіліндегі жазу орыс тіліндегі жазудың үстінде орналасады.

      Қосымша беттің ішкі сол жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында – облыс үшін "Қостанай облысының әкімі", "Аким Костанайской области" деген қазақ және орыс тілдеріндегі жазу, қала немесе аудан үшін тиісті қала немесе аудан әкімі, қазақ тіліндегі жазу орыс тіліндегі жазудың үстінде орналасады;

      ортада – Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Қосымша беттің ішкі оң жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" деген жазу;

      жазудың астында "наградталады" деген сөзді, наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), наградталушы еңбектерінің қысқаша сипаттамасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады;

      төменгі бөлігінде облыс (қала, аудан) әкімінің қолы үшін мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады;

      қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Қосымша бет компьютермен терілген қара түсті шрифтермен принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

      Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 27.06.2016 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы

      12. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатты облыс мәслихатының аппаратына мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Қолдаухатта тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың (қаланың, ауданның) дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме, гастрольдік сапарлардың нәтижелері бойынша ақпарат беріледі. Қолдаухатқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Қолдаухатқа құжаттарды куәландыратын көшірмелер, хаттама көшірмесі немесе мөр басылған жиналыс хататамасының көшірмесі, кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыстық мәслихат төрағасының ұсынысы бойынша облыстық мәслихат қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын тапсыра алады: мәслихат төрағасы, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, мәслихаттың аппарат басшысы, атқарушы органдарының басшылары.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Наградтау бойынша материалдар облыстық мәслихат аппаратында сақталады.

      16. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан тұрады. Папканың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және алтынмен басылып, "ГРАМОТА" деген жазу бейнеленген.

      Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты ақ қағаздан бүктелген күйде баспаханалық тәсілмен орындалады.

      Қосымша беттің ішкі жағында үстінде және астында ұзына бойы алтын түстес ұлттық өрнек салынған.

      Қосымша беттің беткі жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, қазақ тiлінде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу;

      ортада – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі;

      қосымша беттің төменгі бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, қазақ тілінде "Қостанай облысы" төменде орыс тілінде "Костанайская область" деген жазу орналасады.

      Қосымша беттің ішкі сол жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында – қазақ тілінде "Қостанай облыстық мәслихаты" төменде орыс тілінде "Костанайский областной маслихат" деген жазу;

      ортада– Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Қосымша беттің ішкі оң жағында:

      жоғарғы бөлігінің ортасында - алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" деген жазу;

      жазудың астында "наградталады" деген сөзді, наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), наградталушы еңбектерінің қысқаша сипаттамасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады;

      төменгі бөлігінде Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының қолы үшін мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады;

      қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Қосымша бет компьютермен терілген қара түсті шрифтермен принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

      Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетілед.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады