Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 131 "2023 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 550 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 10115-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "2023 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" 2023 жылғы 31 наурыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9948 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 22 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 21 желтоқсандағы
  № 550 қаулысына
  қосымша
  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 31 наурыздағы
  № 131 қаулысына
  2-қосымша

2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге

1

Жергілікті бюджет

3 000 000,0

2

Республикалық бюджет

900 000,0

Барлығы

3 900 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады