Рудный қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 808 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 10052 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімі В. Ионенко

  Рудный қаласы әкімдігінің
  2023 жылғы 1 қыркүйектегі
  № 808 қаулысына
  қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

      1) Рудный қаласы, И. Франко көшесі, 2А үй ауданындағы тұғыр;

      2) Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93 үй ауданындағы тұғыр;

      3) Рудный қаласы, Комсомольский даңғылы, 45 үй ауданындағы тұғыр;

      4) Қашар кенті, № 1 шағынауданы, 1/1 үй ауданындағы тұғыр;

      5) Горняцкий кенті, Академик Сәтпаев көшесі, 24 үй ауданындағы тұғыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады