Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 41 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 ақпанда № 9928 болып тіркелді

      Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9181 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Асанов

  2023 жылғы 6 ақпандағы
  № 41 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2020 жылғы 14 мамырдағы
  № 162 қаулысына
  1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Арқалық қаласы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақта;
Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Арқалық қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Майлин атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің М. Әуезов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің № 8 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Абай даңғылы және Қозыбаев көшесінің қиылысындағы тұғырлық

2

Қызыл жұлдыз ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Қызылжұлдыз негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

3

Родина ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Родина жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
"Арқалық қаласының Родина ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
автобустың соңғы аялдамасындағы тұғырлық

4

Қайыңды ауылы

"Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта

5

Алуа ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Алуа бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

6

Аққошқар ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Ақбұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

7

Көктау ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Көктау негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

8

Ашутасты ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

9

Аңғар ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Аңғар негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

10

Восточный ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Восточный жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта

11

Үштөбе ауылы

"Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Сарыөзен жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

12

Фурманов ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы тақта және стенд

13

Матросов ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы тақта

14

Целинный ауылы

"Арқалық қаласы Целинный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Целинный негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

15

Молодежный ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Майкөтов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

16

Жалғызтал ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Т. Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

17

Жаңақала ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы стенд;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Қараторғай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

18

Екідің ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Майлин атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

19

Мирный ауылы

Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Арқалық қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауыл клубы ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады