Алтынсарин ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 83 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 16 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 ақпанда № 9938 болып тіркелді

      Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 83 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9270 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Алтынсарин ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қаматамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алтынсарин ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Сартов

  2023 жылғы 15 ақпандағы
  № 16
  әкімдіктің қаулысына
  қосымша
  Алтынсарин
  ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 10 маусымдағы
  № 83 қаулысына
  қосымша

Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Большая Чураковка ауылы

"Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

2

Новониколаевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ново-Николаев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

3

Осиповка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Осипов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

4

Силантьев ауылы

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

5

Силантьев ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

6

Бирюковка ауылы

Целинный көшесі, 10 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

7

Зуевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

8

Щербаков ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Мариям Хакимжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

9

Сатай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Сатай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

10

Красный Кордон ауылы

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің Красный кордон ауылының мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд

11

Свердловка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

12

Танабай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Димитров жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

13

Воробьевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Воробьевское бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

14

Докучаевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

15

Шоқай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

16

Первомайское ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

17

Темір Қазық ауылы

Бейбітшілік көшесі, 9 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

18

Ілияс Омаров атындағы ауыл

"Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Лермонтов негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

19

Жаңасу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Жаңасу негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

20

Новоалексеев ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Новоалексеев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

21

Приозерный ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Приозерный негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

22

Көбек ауылы

Центральный көшесі, 23 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

23

Обаған ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

24

Басбек ауылы

Ильяс Омаров көшесі, 8 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

25

Большая Чураковка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

26

Силантьев ауылы

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтынсарин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

27

Щербаков ауылы

"Алтынсарин ауданы Мариям Хакимжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады