"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2 - тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7673 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төреғасы | Д. Койшибаев |