Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 20 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 мамырда № 10008 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 28.03.2024 № 90 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5510 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді."

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы Д. Мартин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады