"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлина ауданы әкімдігінің "Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8990 болып тiркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |