Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы мәслихатының "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі" 2018 жылғы 14 маусымдағы № 239/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И.Теренченко |