Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 162/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 тамызда № 7377-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" № 94/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7241 болып тіркелген);

      2) Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" № 94/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 280/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29988 болып тіркелген).

      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Д.Е. Ибраевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады