Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 96/2 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 163/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 тамызда № 7384-14 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 96/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5930 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады