Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 95/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 7447-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген);

      2) Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу" қағидаларын бекіту туралы "Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"" 2019 жылғы 14 маусымдағы № 351/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6441 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының төрағасыИ. Теренченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады