Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімі | Е. Иманзаипов |
Павлодар қаласы | |
әкімдігінің 2023 жылғы | |
8 тамыздағы № 1051/2 | |
қаулысымен бекітілген |
№ п/п | Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі |
1 | 2 |
Павлодар қаласы | |
1 | Астана көшесі, 166-үй, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағында; |
2 | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 1-құрылыс, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының оң жағында. |