Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 18.10.2023 № 59/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |