2023 жылға арналған Железин ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 30/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 7353-14 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2023 жылға ай сайын бір шаршы метр үшін 18,62 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады