Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" № 197/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 50/11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қарашада № 7423-14 болып тіркелді

      Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 197/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      4, 6, 7 және 8-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.";

      "6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.";

      "7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырыс бойынша тұлға тапсыру етеді.";

      "8. Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Аққулы ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы А. Касымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады