Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 21.11.2023 № 9/103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелді) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларында:
6-тармақтағы 13) тармақша орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
"сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;";
6-тармақтағы 12) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"I типті қант диабеті ауруымен ауыратын адамдар;";
7-тармақтағы 2) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;";
"Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тұру шығыстарын растайтын түбіртектерді, межелі пунктке дейінгі және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүру билеттерін қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық - курорттық емделудің құнын өтеу ретінде санаторлық - курорттық емделуге заңды өкілдің еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шугаев |