Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8/1 "Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 212/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 тамызда № 7374-14 болып тіркелді

      Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Успен ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 8/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен ауданының әкімі Н. Мақашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Успен аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Успен ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 28 шілдедегі
  № 212/7 Қаулысына
  қосымша
  Успен аудандық әкімдігінің
  2020 жылғы 14 қаңтардағы
  № 8/1 қаулысына
  1-қосымша

Успен ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Қаратай ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 (Қаратай жалпы орта білім беру мектебі ғимаратының жанында)

2

Богатырь ауылы

Советов көшесі (Богатырь ауылының орталық алаңы)

3

Лозов ауылы

Мир көшесі (Лозов ауылының орталық алаңы)

4

Ковалев ауылы

Тәуелсіздік көшесі (Ковалев ауылының орталық алаңы)

5

Қозыкеткен ауылы

Победа көшесі (Қозыкеткен ауылының орталық алаңы)

6

Тимирязев ауылы

Алматинская көшесі (Тимирязев ауылының орталық алаңы)

7

Ольгин ауылы

Советов көшесі (Ольгин ауылының орталық алаңы)

8

Ольхов ауылы

Школьная көшесі, 18 (Ольхов ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында)

9

Қоңырөзек ауылы

Милевский көшесі, 35 (Қоңырөзек ауылының орталық алаңы)

10

Дмитриев ауылы

Куйбышев көшесі, 5 (Дмитриев ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында)

11

Надаров ауылы

Мир көшесі, 14 (Надаров ауылының ауылдық клубы ғимаратының жанында)

12

Вознесен ауылы

Победа көшесі, 40 (Вознесен ауылының орталық алаңы)

13

Константинов ауылы

Абай көшесі (Константинов ауылының орталық алаңы)

14

Равнополь ауылы

Ленин көшесі, 111 (Равнополь негізгі жалпы білім беру мектебі ғимаратының жанында)

15

Таволжан ауылы

Кооперативная көшесі (Таволжан ауылының орталық алаңы)

16

Успен ауылы

Гагарин көшесі (Успен ауылының автовокзал ғимараты жанындағы алаң)

Қазыбек Би көшесі (Успен ауылының орталық алаңы)

17

Белоусов ауылы

Школьная көшесі, 10 (Белоусов ауылының мәдениет үйі ғимаратының жанында)

18

Травян ауылы

Достык көшесі (Травян ауылының орталық алаңы)

19

Галицк ауылы

Школьный тұйық көшесі (Галицк ауылының орталық алаңы)

20

Новопокров ауылы

Советов көшесі (Новопокров ауылының орталық алаңы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады