Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" №266/81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 131/37 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31078 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 35/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.11.2023 № 35/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 266/81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";

      1-тармақта:

      3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) ең төмен күнкөрiс деңгейi –"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11- бабының 2) тармақшасында, 12- бабының 2) тармақшасында, 13- бабының 2) тармақшасында, 17- бабында көзделген әлеуметтік қолдау шалалары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";

      6-тармақтың: 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғыақпанға дейінгі кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 жылдан бастап 1991 жылғы дейінгі кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаhaрманы" атақтарына ие болған адамдар;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      8) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар және білім алушы мүгедектігі бар адамдар;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жоғары оқу орындарында оқитын студенттер;

      11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкінезалал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, өтініш жасау мерзімі өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап бір ай ішінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,5 еселік ара қатынастан аспайтын жағдайда, бір айдан астам созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған, шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтар;

      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, жасанды тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі емшектегі балалары бар отбасылар;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою үшін аудандық ауруханаға уақтылы жүгінген жүкті әйелдер;

      12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      онкологиялық аурумен ауыратын адамдар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар";

      8-тармақтың:

      1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тәуелсіздік күніне 7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;";

      4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үш, төрт абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санат үшін;

      7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ процедураларын алу үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізім негізінде;

      7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасыныңбесінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы Н. Кизатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады