Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын анықтау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/126 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 1718 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабы 9-22) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/126 Қаулыға
қосымша

Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың,
паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Алматы қаласындағы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындардың, паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық мөлшерлемелер бойынша салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабы 9-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) орынтұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған жол учаскесі болып табылатын, көлік құралы қойылатын орын;

      2) паркинг – көлік құралдарын сақтауға (қоюға) арналған және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған, бір немесе көп деңгейлі инженерлік құрылысты немесе арнайы ашық алаңды қоса алғанда, арнайы жабдықталған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін), құрылысты (құрылыстың бір бөлігін) білдіретін аумақ.

2-тарау. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттары

      3. Алматы қаласының аумағында орналасқан автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер) IV санатқа бөлінеді.

      4. I - санатқа төмендегілер жатады:

      1) қызметтік автотұрақтар (паркингтер);

      2) айыппұл автотұрақтары;

      3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар.

      5. II - санатқа төмендегілер жатады:

      1) ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақты орындары;

      2) тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер);

      3) жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі:

      энергиямен жабдықтауды жоғалтумен байланысты төтенше жағдайларда шлагбаумдарды апат жағдайында ашу мүмкіндігі бар жабық тұрақтарға арналған тұрақ жабдығымен;

      операторда тұрақтар мен тұрақ жабдықтарының жағдайын бақылау және басқару орталығымен кемінде 3 желісі бар техникалық қолдау орталығының бірегей телефон нөмірінің болуы;

      тұраққа кіретін және шығатын автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін бейне бақылау жүйесімен, оларды автоматты түрде тану, ақпаратты ішкі істер органдарының процессингтік орталығына қорғалған арна бойынша орталықтандырылған биллингтік жүйесіне беру мүмкіндігімен;

      Қазақстан Республикасының қазыналық органдары мен орталық биллингтік жүйесіне онлайн режимінде тұрақ транзакцияларын беру жүйесімен жабдықталған автотұрақтар (алаң түріндегі) жатады.

      6. III - санатқа тұрақты орындары белгіленген ашық типтегі жерүсті автотұрақтары (паркингтері) жатады.

      7. IV - санатқа тәулік бойы бір орынға бірнеше көлік қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) жатады.

3-тарау. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындардың, паркингтер)
санатын анықтау

      8. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер) санатын айқындау үшін жұмыс тобы құрылады, оның құрамына Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының және басқа да жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері олардың келісімі бойынша кіреді.

      Жұмыс тобының құрамы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі.

      9. Жұмыс тобының шешімі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды түрінде шығарылады.

      10. Жұмыс тобының және (немесе) жұмыс тобы мүшелерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот шағымдануы мүмкін.

  Алматы қаласындағы
автотұрақтардың
(автомобиль қоятын
орындардың, паркингтердің)
санаттарын анықтау
қағидаларына қосымша

Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың,
паркингтердің) санаттарын анықтау бойынша жұмыс тобының қорытындысы

      Алматы қаласы                                    "___ " ______ 20__ жылы

      Жұмыс тобының құрамы:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

      5. _____________________________________________________________

      (ұйым, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______________________________________________________ негізінде ______ бастап ________ дейінгі кезеңде автотұрақты (автомобиль қоятын орынды,

      паркингті) көзбен шолып қарады және төмендегілер туралы осы қорытындыны жасады:

      1. Автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның, паркингтің) меншік иесінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)): __________________________

      2. ЖСН/БСН: ________________________________________________

      3. Меншік иесінің заңды мекенжайы: __________________

      4. Автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның, паркингтің) заңды мекенжайы:__________________________________________________________

      5. Кадастрлік нөмір: ___________________________________________

      6. Жер учаскесінің алаңы: ______________________________________

      7. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ___________________________

      8. Автотұрақтың (паркингтің) типі мен түрі: ______________________

      ____________________________________________________________________

      9. Автотұрақтың (паркингтің) мақсаты: __________________________

      10. Өтініш беруші жұмыс тобының мүшелеріне ұсынған жер учаскесіне құқықбелгілейтін құжаттардың атауы, күні және нөмірі:

      1)_____________________________________________________________

      2)_____________________________________________________________

      3)_____________________________________________________________

      4)_____________________________________________________________

      5)_____________________________________________________________

      11. Жұмыс тобының шешімі: жоғарыда көрсетілген автотұрақ (автомобиль қоятын орын, паркинг) Алматы қаласы мәслихатының 20__ жылғы__ "____________" №______ шешімінің ____ тармағына сәйкес____ санатына жатады.

         Қосымша ______ парақта: (құжаттарды тізіп шығу).

Жұмыс тобы мүшесінің лауазымы

_______________ (қолы)

______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Жұмыс тобы мүшесінің лауазымы

_______________ (қолы)

______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Жұмыс тобы мүшесінің лауазымы

_______________ (қолы)

______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Жұмыс тобы мүшесінің лауазымы

_______________ (қолы)

______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Жұмыс тобы мүшесінің лауазымы

_______________ (қолы)

______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады