"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 1460 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Егембердиев |