Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 2 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 1745 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 7, 12, 13, 21, 27, 33, 34, 35, 36, 487, 524, 529, 530, 531, 534, 546, 548, 549, 572, 614, 621 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      2) көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 634, 635, 636, 637, 638, 639 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.

      2. "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алатау ауданының әкімі А. Калдыбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы

  Алатау ауданының әкімі
2023 жылғы 20 қазандағы № 2
Шешімге
№ 1 қосымша
  Алматы қаласы
Алатау ауданы әкімінің
2019 жылғы 15 қазандағы № 2
шешіміне

№ 7 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Айгерім-1 шағынауданы, Бенберина көшесі, 52, "№ 149 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Айгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов көшесі мен Айгерім-1 шағынауданының Алматы көшесінің қиылысынан оңтүстік-батыс бағытта Сағи Әшімов көшесімен Айгерім-1 шағынауданы Сағи Әшімов көшесіндегі №171/1-ші үйге дейін, Айгерім-1 шағынауданы Сағи Әшімов көшесіндегі №171/1 үйден солтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданындағы Нәби көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданындағы Нәби көшесімен батыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Байтенов көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Байтенов көшесімен солтүстік бағытта Айгерім-2 шағынауданының Үркер көшесіне дейін, Айгерім-2 шағынауданының Үркер көшесімен шығыс бағытта Айгерім-2 шағынауданының Мамытов көшесіне дейін, Айгерім-2 шағынауданының Мамытов көшесімен оңтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданының Назар көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Назар көшесімен шығыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Молдағұлова көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Молдағұлова көшесімен солтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданының Майлин көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Майлин көшесімен шығыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесіндегі № 83-ші үйден шығыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданы Сағи Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданындағы Набережная көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданындағы Набережная көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Самғау шағынауданының Ырысты көшесіндегі № 17-ші үйге дейін, Самғау шағынауданының Ырысты көшесіндегі № 17-ші үйден батыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Тепличная көшесіндегі № 4-ші үйге дейін, Тепличная көшесіндегі № 4-ші үйден оңтүстік-батыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов және Алматы көшелерінің қиылысына дейін.

№ 12 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өжет шағынауданы, Әуезов көшесі, 48, "№ 156 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіндегі № 78-ші үйден шығыс бағытта Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесімен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Шарын көшесіндегі № 23-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Шарын көшесімен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Шарын көшесіндегі № 44-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Шарын көшесіндегі № 44-ші үйден шығыс бағытта Шарын жолағымен Өжет шағынауданының Қошқарбаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Қошқарбаев көшесімен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесіндегі № 51-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесіндегі № 51-ші үйден солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Қожаберген жырау жолағымен Өжет шағынауданының Балпық би көшесінің қиылысына дейін, осы қиылыстан оңтүстік-шығыс бағытта Өжет және Қарасу шағынаудандардың шекараларымен Солтүстік айналым көшесіне дейін, Солтүстік айналым көшесімен оңтүстік-батыс бағытта Солтүстік айналым көшесіндегі № 34в үйге дейін, Солтүстік айналым көшесіндегі № 34в үйден батыс бағытта Өжет шағынауданының Тауасаров көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тауасаров көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесімен батыс бағытта Өжет шағынауданының Новая көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Новая көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Новая көшесіндегі № 19-шы үйге дейін, Өжет шағынауданының Новая көшесіндегі № 19-шы үйден батыс бағытта Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесімен солтүстік бағытта Хасен Оралтай көшесіндегі № 78-ші үйге дейін.

№ 13 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өжет шағынауданы, Әуезов көшесі, 48, "№ 156 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіндегі № 78-ші үйден солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесімен Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесімен батыс бағытта Өжет шағынауданының Әуезов көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Әуезов көшесімен солтүстік бағытта қала шекарасына дейін, қала шекарасымен "Птицевод" бау-бақша қоғамының оңтүстік шекарасына дейін, "Птицевод" бау-бақша қоғамының оңтүстік шекарасымен оңтүстік бағытта Есентай өзеніне дейін, Есентай өзенінің арнасымен оңтүстік-шығыс бағытта Өжет шағынауданының Үкілі Ыбырай көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Үкілі Ыбырай көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Сүмбіле көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Сүмбіле көшесімен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Қожаберген жырау көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Қошқарбаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Қошқарбаев көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Шарын жолағына дейін, Өжет шағынауданының Шарын жолағымен батыс бағытта Өжет шағынауданының Шарын көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Шарын көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Шарын көшесіндегі № 23-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Шарын көшесіндегі № 23-ші үйден батыс бағытта Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесінен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіндегі № 38б үйге дейін, Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіндегі № 38б үйден батыс бағытта Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіндегі № 78-ші үйге дейін.

№ 21 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 шағынауданы, Өтемісұлы көшесі, 109, "№ 169 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қарасу-5 өзені мен Шаңырақ-2 шағынауданындағы № 58 үйдің қиылысынан шығыс бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Орбұлақ көшесіне дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Орбұлақ көшесімен солтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Орбұлақ көшесіндегі № 52-ші үйге дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Орбұлақ көшесіндегі № 52-ші үйден шығыс бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы көшесіне дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы көшесіндегі № 175-ші үйге дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы көшесіндегі № 175-ші үйден шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзені арнасымен оңтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Есентай көшесіндегі № 60-шы үйге дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Есентай көшесіндегі № 60-шы үйден түзу батыс бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Алпамыс көшесіне дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Алпамыс көшесіндегі № 80-ші үйден солтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданындағы Алпамыс көшесіндегі № 91-ші үйге дейін, Шаңырақ-1 шағынауданындағы Алпамыс көшесіндегі № 91-ші үйден батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданындағы Ысқақов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданындағы Ысқақов көшесімен солтүстік бағытта Қарасу-5 өзеніне дейін, Қарасу-5 өзені арнасымен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданындағы № 58-ші үйге дейін.

№ 27 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ шағынауданы,Шәріпов көшесі, 38, "№ 154 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы:Момышұлы көшесі мен Ақбұлақ шағынауданының Байтереков көшесінің қиылысынан Ақбұлақ шағынауданының Байтереков көшесімен шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Серғазин көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданының Серғазин көшесімен солтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Егіндібұлақ көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Егіндібұлақ көшесімен шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданы Аханов көшесіндегі № 2а үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданы Аханов көшесіндегі № 2а үйден түзу оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Еспаев көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Еспаев көшесімен шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Шәріпов көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Шәріпов көшесімен шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданы Сарытоғай көшесіндегі №55-ші үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданы Сарытоғай көшесіндегі № 55-ші үйден шығыс бағытта түзу Ақбұлақ шағынауданындағы Әбдрәшұлы көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Әбдрәшұлы көшесімен оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданы Томанов көшесіндегі №5-ші үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданы Томанов көшесіндегі № 5-ші үйден түзу батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Сүлейменов көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Сүлейменов көшесімен оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Сүлейменов көшесіндегі № 2-ші үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Сүлейменов көшесіндегі № 2-ші үйден шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Дәулетқалиев көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Дәулетқалиев көшесімен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен солтүстік бағытта Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесімен батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесіне дейін.

№ 33 Сайлау учаскесі

      Орталығы:Алматы қаласы, Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 134, "№ 26 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Джигитовка өзені мен Шаңырақ-2 шағынауданының Балдырған көшесінің қиылысынан Шаңырақ-2 шағынауданының Балдырған көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Сарыжаз көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Сарыжаз көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Ысқақов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Ысқақов көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Жылысай көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Жылысай көшесімен батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесімен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Жарқынбаев көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Жарқынбаев көшесімен батыс бағытта Джигитовка өзеніне дейін, Джигитовка өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Балдырған көшесіне дейін.

№ 34 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 193А, "№ 22 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

      Шекарасы:Үлкен Алматы каналы мен Қарасу-5 өзенінің қиылысынан оңтүстік бағытта Қарасу өзенінің арнасымен Шаңырақ-2 шағынауданының Кеңжайлау көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Кеңжайлау көшесімен батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесіне дейін, Рахымов көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Тойшыбек батыр көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Тойшыбек батыр көшесімен батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Аристов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Аристов көшесімен батыс бағытта Джигитовка өзеніне дейін, Джигитовка өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін, Үлкен Алматы каналының арнасымен шығыс бағытта Қарасу-5 өзеніне дейін.

№ 35 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өжет шағынауданы, Әуезов көшесі, 48, "№ 156 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: қала шекарасы мен Өжет шағынауданының Әуезов көшесіндегі №126-шы үймен қиылысынан оңтүстік бағытта Әуезов көшесімен Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Х.Оралтай көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Х.Оралтай көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Х.Оралтай көшесіндегі №11-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Х.Оралтай көшесіндегі № 11-ші үйден батыс бағытта Өжет шағынауданындағы Тереңқара өзеніне дейін, Тереңқара өзенінің арнасымен солтүстік бағытта қала шекарасы мен Өжет шағынауданының Әуезов көшесіндегі № 126-шы үйдің қиылысына дейін.

№ 36 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент шағынауданы, 19, "№ 181 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақкент шағынауданының № 1а, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 19а, 21, 23, 25, 29 көпқабатты үйлері.

      Ақбұлақ шағынауданының № 5, 6, 7, 8, 9, 2в көпқабатты үйлері.

      Ақбұлақ шағынауданы Сухамбаев көшесінің № 41, 33, 21, 25, 31, 35, 37/1 үйлері.

№ 487 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Мәдениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 15, "№ 196 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Мәдениет шағынауданының Бозақ көшесі мен қала шекарасының қиылысынан Мәдениет шағынауданының Бозақ көшесімен шығыс бағытта Мәдениет шағынауданының Нұржауған көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Нұржауған көшесімен шығыс бағытта Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесімен шығыс бағытта Саин көшесіне дейін, Саин көшесімен оңтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін, Үлкен Алматы каналының арнасымен оңтүстік-батыс бағытта қала шекарасына дейін, қала шекарасымен Мәдениет шағынауданының Бозақ көшесіне дейін.

№ 524 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Әйгерім-1 шағынауданы, Бенберин көшесі, 52, "№ 149 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы:Әйгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов және Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшелерінің қиылысынан батыс бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшесімен Әйгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесіне дейін, Әйгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесімен солтүстік бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Жаңа Ғасыр көшесіне дейін, Әйгерім-1 шағынауданының Жаңа Ғасыр көшесімен батыс бағытта Әйгерім-2 шағынауданының Түймебаев көшесіне дейін, Әйгерім-2 шағынауданының Түймебаев көшесімен солтүстік бағытта Әйгерім-2 шағынауданының Еркіндік көшесіне дейін, Әйгерім-2 шағынауданының Еркіндік көшесімен шығыс бағытта Әйгерім-2 шағынауданының Бәйтенов көшесіне дейін, Әйгерім-2 шағынауданының Бәйтенов көшесімен солтүстік бағытта Әйгерім-2 шағынауданының Бәйтерек көшесіне дейін, Әйгерім-2 шағынауданының Бәйтерек көшесімен шығыс бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесіне дейін, Әйгерім-1 шағынауданының Бенберин көшесімен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Жылысай көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Жылысай көшесімен шығыс бағытта Джигитовка өзеніне дейін, Джигитовка өзенінің арнасымен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесіндегі №1/3-ші үйге дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесіндегі № 1/3-ші үйден оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Әубәкіров көшесімен Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшесіне дейін, Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшесімен батыс бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов көшесіне дейін.

№ 529 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Шуланов көшесі, 159, "Алматы қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Момышұлы көшесі мен Ақбұлақ шағынауданының Бәйтереков көшесінің қиылысынан батыс бағытта Момышұлы көшесімен Ақбұлақ шағынауданының Бәйтереков көшесіндегі № 51-ші үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданының Бәйтереков көшесіндегі № 51-ші үйден шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Серғазин көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Серғазин көшесімен батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Нұрмаханов көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Нұрмаханов көшесімен шығыс бағытта Қарасу-2 өзеніне дейін, Қарасу-2 өзенінің арнасымен оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Томанов көшесіндегі № 45- ші үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Томанов көшесіндегі № 45-ші үйден батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Шәріпов көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Шәріпов көшесімен батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Шәмелов көшесіндегі № 89- шы үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Шәмелов көшесіндегі № 89-шы үйден солтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Аханов көшесіндегі № 2а үйге дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Аханов көшесіндегі № 2а үйден батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданың Егіндібұлақ көшесімен батыс бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Серғазин көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Серғазин көшесімен оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесімен батыс бағытта Момышұлы көшесіне дейін.

№ 530 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Зерделі шағынауданы, 1/65, "№ 182 Жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Зерделі шағынауданындағы № 35, 40, 41, 42, 43, 44, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 78, 79, 80, 81, 82, 84, 86, 87, 88, 89, 91, 92, 117, 130, 131, 133, 135, 136, 138, 139 көпқабатты тұрғын үйлер.

№ 531 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент шағынауданы, 19, "№ 181 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақкент шағынауданының № 2/5, 45, 46, 47, 48, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 96, 97 көпқабатты үйлері.

№ 534 Сайлау учаскесі

      Орталығы:Алматы қаласы, Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 134, "№ 26 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Шаңырақ-1 шағынауданының Қарқара көшесі мен Қарасу-5 өзенінің қиылысынан Қарасу өзенінің арнасымен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Күмбел көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Күмбел көшесімен батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Рахымов көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Балдырған көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Балдырған көшесімен батыс бағытта Джигитовка өзеніне дейін, Джигитовка өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Зерде көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Зерде көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Жанқожа батыр көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Жанқожа батыр көшесімен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Қарқара көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Қарқара көшесімен батыс бағытта Қарасу-5 өзеніне дейін.

№ 546 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Зерделі шағынауданы, 371/3, "№ 29 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

      Шекарасы: Зерделі шағынауданының № 141, 142, 144, 146, 147, 148, 150, 151, 153, 155, 156, 158, 160, 161, 165, 167, 168, 170, 171, 172, 173, 174, 177, 178, 179, 180 көпқабатты тұрғын үйлері.

№ 548 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Самғау шағынауданы, Көкорай көшесі, 66, "№ 41 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы:Әйгерім-1шағынауданының Сағи Әшімов және Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшелерінің қиылысынан шығыс бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Азаттық көшесімен Самғау шағынауданының Ақсу көшесінің қиылысына дейін, Самғау шағынауданының Ақсу көшесімен оңтүстік бағытта Самғау шағынауданының Зеленая көшесіне дейін, Самғау шағынауданының Зеленая көшесімен шығыс бағытта Самғау шағынауданының Көкорай көшесіндегі № 50-ші үйге дейін, Самғау шағынауданының Көкорай көшесіндегі № 50-ші үйден оңтүстік бағытта Самғау шағынауданының Көкорай көшесімен Самғау шағынауданының Көкорай көшесіндегі № 59-шы үйге дейін, Самғау шағынауданының Көкорай көшесіндегі № 59-шы үйден оңтүстік бағытта Самғау шағынауданының Тұмар көшесіне дейін, Самғау шағынауданының Тұмар көшесімен оңтүстік бағытта түзу Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта Самғау шағынауданының Ырысты көшесіне дейін, Самғау шағынауданының Ырысты көшесімен солтүстік бағытта Әйгерім-1 шағынауданының Набережная көшесіне дейін, Әйгерім-1 шағынауданының Набережная көшесімен солтүстік бағытта Әйгерім-1шағынауданының Сағи Әшімов көшесіне дейін, Әйгерім-1шағынауданының Сағи Әшімов көшесімен шығыс бағытта Әйгерім-1шағынауданының Азаттық көшесіне дейін.

№ 549 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өжет шағынауданы, Әуезов көшесі, 48, "№ 156 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы:Тереңқара өзені мен Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесіндегі № 11-ші үйдің қиылысынан шығыс бағытта түзу Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіндегі № 11-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Хасен Оралтай көшесіндегі № 11-ші үйден Өжет шағынауданының Новая көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Новая көшесіндегі № 20-шы үйге дейін, Өжет шағынауданының Новая көшесіндегі № 20-шы үйден солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тоқатаев көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Өжет шағынауданының Тауасаров көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Тауасаров көшесімен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Тауасаров көшесіндегі № 44-ші үйге дейін, Өжет шағынауданының Тауасаров көшесіндегі № 44-ші үйден шығыс бағытта Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Жиенбаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Жиенбаев көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Рафиков көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Рафиков көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Бекболат көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Бекболат көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Солтүстік айналым көшесіне дейін, Солтүстік айналым көшесімен батыс бағытта Үлкен Алматы каналына дейін, Үлкен Алматы каналының арнасымен солтүстік-батыс бағытта Тереңқара өзеніне дейін, Өжет шағынауданының Тереңқара өзені арнасымен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Сәдуақасов көшесіндегі № 11-ші үйге дейін.

№ 572 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Акбұлақ шағынауданы, Суаткөл көшесі, 41, "№ 178 мамандырылған лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақбұлақ шағынауданының Бөлтекұлы көшесі мен Қарғалы өзенінің қиылысынан Қарғалы өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен солтүстік-шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданының Доспанова көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданының Доспанова көшесімен оңтүстік бағытта Ақбұлақ шағынауданының Батталова көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданының Батталова көшесімен шығыс бағытта Ақбұлақ шағынауданының Сухамбаев көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданының Сухамбаев көшесімен оңтүстік бағытта № 181 Жалпы білім беру мектебінің аумағына дейін, № 181 Жалпы білім беру мектебінен батыс бағытта, Ақкент шағынауданындағы № 26,27,28 көпқабатты үйлерді қоса Ақбұлақ шағынауданының Бөлтекұлы көшесіне дейін, Ақбұлақ шағынауданының Бөлтекұлы көшесімен батыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін.

№ 614 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 шағынауданы, Өтемісұлы көшесі, 109, "№ 169 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қарасу-5 өзені мен Шаңырақ-1 шағынауданының № 89-шы үйдің қиылысынан түзу Шаңырақ-1 шағынауданының Алпамыс көшесіне дейін, Шаңырақ-1 шағынауданының Алпамыс көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданының Алпамыс көшесіндегі № 80-ші үйге дейін, Шаңырақ-1 шағынауданының Алпамыс көшесіндегі № 80-ші үйден шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзені арнасымен оңтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданының Ақын Сара көшесіне дейін, Шаңырақ-1 шағынауданының Ақын Сара көшесімен батыс бағытта Қарасу-5 өзеніне дейін, Қарасу-5 өзені арнасымен солтүстік бағытта Шаңырақ-1 шағынауданының № 89-шы үйге дейін.

№ 621 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Мәдениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 15, "№ 196 Жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: қала шекарасы мен Мәдениет шағынауданындағы Бозоқ көшесінің қиылысынан қала шекарасымен солтүстік бағытта Боролдай шағынауданының Жаужүрек көшесіне дейін, Боролдай шағынауданының Жаужүрек көшесімен шығыс бағытта Мәдениет шағынауданының Аруана көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Аруана көшесімен оңтүстік-батыс бағытта Мәдениет шағынауданының Аруана көшесіндегі № 36-шы үйге дейін, Мәдениет шағынауданының Аруана көшесіндегі № 36-шы үйден оңтүстік-шығыс бағытта Мәдениет шағынауданының Новостройка көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Новостройка көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта Мәдениет шағынауданының Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Бөгенбай батыр көшесімен батыс бағытта Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесімен батыс бағытта Мәдениет шағынауданының Нұржауған көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Нұржауған көшесімен батыс бағытта Бозоқ көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Бозоқ көшесімен батыс бағытта қала шекарасына дейін.

  Алатау ауданының әкімі
2023 жылғы 20 қазандағы № 2
Шешімге
№ 2 қосымша
  Алматы қаласы
Алатау ауданы әкімінің
2019 жылғы 15 қазандағы № 2
шешіміне

№ 634 Сайлау учаскесі

      Орталығы:Алматы қаласы, Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 134, "№ 26 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы:Джигитовка өзені мен Шаңырақ-2 шағынауданының Аристов көшесінің қиылысынан Шаңырақ-2 шағынауданының Аристов көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Тойшыбек батыр көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Тойшыбек батыр көшесімен шығыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Рахимов көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Рахимов көшесімен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Кеңжайлау көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Кеңжайлау көшесімен шығыс бағытта Қарасу-5 өзеніне дейін, Қарасу-5 өзені бойымен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Қарқара көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Қарқара көшесімен батыс бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Жанқожа батыр көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Жанқожа батыр көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Зерде көшесіне дейін, Шаңырақ-2 шағынауданының Зерде көшесімен батыс бағытта Джигитовка өзеніне дейін, Джигитовка өзенімен солтүстік бағытта Шаңырақ-2 шағынауданының Аристов көшесіне дейін.

№ 635 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Айгерім-1 шағынауданы, Бенберина көшесі, 22, "№ 14 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

      Шекарасы: Самғау шағынауданының Ырысты көшесіндегі № 46/6-шы үйден оңтүстік бағытта Самғау шағынауданының Ырысты көшесімен Рысқұлов даңғылымен қиылысқанға дейін, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Сағи Әшімов көшесімен солтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданының Алматинская көшесіне дейін, Айгерім-1 шағынауданының Алматинская көшесімен шығыс бағытта Айгерім-1 шағынауданының Алматинская көшесіндегі № 42-ші үйге дейін, Айгерім-1 шағынауданының Алматинская көшесіндегі № 42-ші үйден солтүстік бағытта Айгерім-1 шағынауданының Тепличная көшесіндегі № 4-ші үйге дейін, Айгерім-1 шағынауданының Тепличная көшесіндегі № 4-ші үйден шығыс бағытта Самғау шағынауданының Ырысты көшесіндегі № 46/6-шы үйге дейін.

№ 636 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Мәдениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 15, "№ 196 Жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Мәдениет шағынауданының Аруана көшесінің бұрышынан Боралдай шағынауданының Жаужүрек көшесімен шығыс бағытта Саин даңғылына дейін, Саин даңғылымен оңтүстік бағытта Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Шоған Абыз көшесімен батыс бағытта Мәдениет шағынауданының Бөгенбай батыр көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Бөгенбай батыр көшесімен солтүстік бағытта Мәдениет шағынауданының Новостройка көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Новостройка көшесімен солтүстік-батыс бағытта Мәдениет шағынауданының Аруана көшесіне дейін, Мәдениет шағынауданының Аруана көшесімен солтүстік бағытта Боралдай шағынауданының Жаужүрек көшесіне дейін.

№ 637 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент шағынауданы, 19, "№ 181 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақкент шағынауданының № 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44 көпқабатты үйлері.

№ 638 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Өжет шағынауданы, Әуезов көшесі, 48, "№ 156 Жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесіндегі № 34в үйден шығыс бағытта түзу Солтүстік айналым көшесіне дейін, Солтүстік айналым көшесімен оңтүстік бағытта Өжет шағынауданының Бекболат көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Бекболат көшесінен солтүстік бағытта Өжет шағынауданының Рафиков көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Рафиков көшесінен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Жиенбаев көшесімен қиылысқанға дейін, Өжет шағынауданының Жиенбаев көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесіне дейін, Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесімен шығыс бағытта Өжет шағынауданының Жапсарбаев көшесіндегі № 34в үйге дейін.

№ 639 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ташкентский тракт даңғылы, 541, "Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар аураханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

      Шекарасы: жабық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады