"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 наурыздағы "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 06-01/01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1461 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Медеу ауданының әкімі | Е. Оразалин |