"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6, 10-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі | |
№ 41 қаулысына 1-қосымша |
2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.12.2023 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар көлемі, мың теңге | |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 13 551 | 135 510,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 4 860 | 72 900,0 | |
2. | Етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 298 | 44 696,5 |
3. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
3.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 800 | 120 000,0 |
4. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 725 573 | 145 114,6 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
Бір жынысты | Сатып алынған доза | 200 | 2 000,0 | |
1.1 | Қос жынысты | 1 048 | 5 242,0 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
2.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 462 | 92 400,0 |
2.2 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 2 815 | 1 126 080,0 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 52 935,8 | 2 382 112,1 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 20 084,1 | 602 522,3 | |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 15 865,8 | 317 316,6 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 22 299,1 | 445 981,9 | |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Осы жылы ұрықтандырылған бас | 4 000 | 20 000,0 |
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.2 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 100 000 | 5 000,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 822 280 | 49 336,8 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 130 889 450 | 392 668,4 |
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бас/ шағылыстыру маусымы | ||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | 8 730 | 34 920,0 | |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 894 | 4 735,0 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 1 006 | 15 090,0 |
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 2 | 200,0 |
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 2 513 | 351 820,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/ шағылыстыру маусымы | 6 800 | 272 000,0 |
Облыс бойынша жиыны | 6 637 646,1 | |||
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен: | ||||
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||
1.1 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан 400 басқа дейінгі сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы) | Бас | 4 253 | 170 109,7 |
1.2 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (400 бастан басталатын сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы) | 21 677 | 1 734 203,6 | |
1.3 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын ірі қара мал) | 23 626 | 826 921,7 | |
2. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын шошқалар) | 5 000 | 125 000,0 | |
3. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын жылқылар) | 5 067 | 40 538,8 | |
4. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын қойлар) | 12 706 | 38 119,5 | |
5. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | Килограмм | 34 110 | 2 046,6 |
Жергілікті бюджеттің бюджеттік қаражат жиыны | 2 936 939,9 | |||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен | ||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 70,0 | 10 489,2 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 126 | 18 900,0 |
3. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 446 851 | 89 370,2 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.2 | Қос жынысты | Сатып алынған доза | 604 | 3 020,0 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 |
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа | Сатып алынған бас | 1 412 | 5640,0 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 17 365,3 | 781 440,6 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 2 181,6 | 65 448,1 | |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 1 952,8 | 39 056,9 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 699 799,8 | 13 996,0 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 262 000 | 15 720,0 |
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас | 596 | 2 384,0 |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 212 | 3 180,0 |
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу | Сатып алынған бас | 1 340 | 187 600,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | 91 | 3 640,0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жиыны | 1 799 125,0 | |||
ЖИЫНЫ | 11 373 711,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі | |
№ 41 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Бағыты | Өлшем бірлігі | Норматив, мың теңге | Өлшемшарттар | Өтінімді беру мерзімдері |
1. | Ірі қара мал | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін | |||
1.1 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (50 бастан 400 басқа дейін) | Бас | 40,0 |
1) жасы 18 айдан бастап кемінде 50 және 400-ден аспайтын аналық мал басының болуы; | |
1.2 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (400 бастан) | Бас | 80,0 |
1) жасы 18 айдан бастап кемінде 400 аналық мал басының болуы; | |
1.3. | Ірі қара малдың аналық басы (50 бастан) | Бас | 35,0 |
1) жасы 18 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы; | |
2. | Шошқаның аналық басы (50 бастан) | Бас | 25,0 |
1) жасы 8 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы; | |
3. | Жылқының аналық басы (50 бастан) | Бас | 8,0 |
1) жасы 36 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы; | |
4. | Қойдың аналық басы (50 бастан) | Бас | 3,0 |
1) жасы 12 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы; |
Ескертпе:
САТЖАҚ - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБ - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор.