Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдеде № 7543-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2023 жылғы 30 маусымдағы
  № 4/8 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 болып тіркелді).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 21/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 43/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 болып тіркелді).

      4. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6/3 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады