"Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 375 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 246 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 7642-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 375 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 болып тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29) ауданның Мансап орталығының басшысы;

      30) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      31) аудандық маңызы бар Мансап орталығы секторының басшысы;

      32) аудандық маңызы бар Мансап орталығы бөлімінің басшысы;

      33) аудандық маңызы бар Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты – біліктілігі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ жоғары және орта деңгейдегі маман;

      34) аудандық маңызы бар Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы – біліктілігі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ жоғары, орта деңгейдегі маман;

      35) бағдарламашы – біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі маман;

      36) аудандық маңызы бар Мансап орталығының ассистенті.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 23 қыркүйекте туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан

      облыстық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады