Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 "Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 4-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 маусымда № 7525-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 14-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.02.2024 № 14-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29128 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      1-тармақта:

      бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының қайтыс болуы;

      2) алушының Аққайың ауданынан тыс тұрақты тұруға шығуы;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;

      4) өтініш беруші ұсынған дұрыс емес мәліметтерді анықтау.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен қайтарылуға жатады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады