Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 шілдеде № 7559-15 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерi құрылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 21 шілдедегі № 9;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 11.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Р. Елубаев

      "Келісілді"

      Аққайың аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданының әкімі
  2023 жылғы 14 шілдедегі
  № 142 шешімге қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 95 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Аралағаш ауылы, Серғазы Нұрахметов көшесі, № 67 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Аралағаш ауылы, Амангелді ауылы.

      № 96 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Рублевка ауылы, Конституция көшесі, № 61 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Рублевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Рублевка ауылы.

      № 97 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Астраханка ауылы, Школьная көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Астраханка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Астраханка ауылы, Қаратомар ауылы.

      № 98 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Власовка ауылы, Садовая көшесі, № 15 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Власовка ауылы, Сенное ауылы.

      № 100 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Шағалалы ауылы, Вадим Буторин көшесі, № 2 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Шағалалы ауылы, Южное ауылы, Безлесное ауылы.

      № 102 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Степное ауылы, Максим Горький көшесі, № 2 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Степное бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Степное ауылы.

      № 103 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Трудовое ауылы, Пушкин көшесі, № 17 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Трудовое ауылы, Григорьевка ауылы, Көктерек ауылы, Қанжығалы ауылы.

      № 105 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Ивановка ауылы, 9 май көшесі, № 7 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Ивановка ауылы, Үлгі ауылы.

      № 106 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Қиялы ауылы, Учебная көшесі, № 48 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Андрей Хименко атындағы Қиялы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Қиялы ауылы, Электрическая, Калинин, Ленин, Пионерская, Октябрьская, Советская, Мир, Лихачев, Гагарин, Комсомольская, Учебная, Луговая, Горький, Садовая, Юбилейная, Чапаев, С. Мұқанов көшелері.

      № 107 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Қиялы ауылы, Южная көшесі, № 1 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Қиялы ауылы, Титов, Южная, Дорожная, Элеваторная, Степная, Станционная, Сенная, Западная, Киров, Абай, Механизаторская, Нефтебазовская көшелері.

      № 110 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Ленинское ауылы, Пушкин көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Ленинское ауылы.

      № 111 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Дайындық ауылы, Нұрмағамбет Жамшин көшесі, № 64 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Дайындық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Дайындық ауылы.

      № 112 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Полтавка ауылы, Молодежная көшесі, № 20 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Полтавка ауылы, Борки ауылы, Лесные Поляны ауылы.

      № 113 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Алексей Щербаков көшесі, № 14 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Смирново мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Абай көшесі – № 1-ден № 5-ке дейін тақ жағы, № 2-ден № 20-ға дейін жұп жағы, Суворов көшесі – № 1-ден № 65-ке дейін тақ жағы, № 2-ден № 56-ға дейін жұп жағы, Алексей Щербаков көшесі – № 1-ден № 71-ге дейін тақ жағы, № 2-ден № 66-ға дейін жұп жағы, Геннадий Зенченко көшесі – № 1-ден № 41-ге дейін тақ жағы, № 2-ден № 66-ға дейін жұп жағы, Карбышев көшесі – №№ 21, 23, 25, Жұмабаев көшесі – № 51-ден № 99-ға дейін тақ жағы, № 62-ден № 114-ке дейін жұп жағы, Жұмабек Тәшенов көшесі – № 35-тен № 79-ға дейін тақ жағы, № 44-тен № 86-ға дейін жұп жағы, Гагарин көшесі – № 49-дан № 95-ке дейін тақ жағы, № 50-ден № 96-ға дейін жұп жағы, Пушкин көшесі – № 51-ден № 95-ке дейін тақ жағы, № 62-ден № 96-ға дейін жұп жағы, 9 май көшесі – № 71-ден № 95-ке дейін тақ жағы, № 58-ден № 76-ға дейін жұп жағы, Элеваторная, Рабочая көшелері.

      № 114 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Северная көшесі, № 84 үй, "Солтүстік Қазақстан Бөліп Тартаушы Электр Желілік Компаниясы" акционерлік қоғамының ғимараты (келісім бойынша);

      шекаралары: Смирново ауылы, Карбышев көшесі – № 1-ден № 17-ге дейін тақ жағы, Линейная, Әлия Молдағұлова, Дорожная, Северная, Заводская, Школьная, Жаңа тұрмыс, Шаховский, Қауданды, Бозарал, Жаңажол көшелері, Дорожный оралымы, Школьный оралымы, Северный оралымы.

      № 115 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Алексей Щербаков көшесі, № 70 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Смирново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Суворов көшесі – тақ жағы № 67-ден № 71-ге дейін, жұп жағы № 58-ден № 100-ге дейін, Алексей Щербаков көшесі – тақ жағы № 73-тен № 91-ге дейін, жұп жағы № 68-ден № 98-ге дейін, Геннадий Зенченко көшесі – тақ жағы № 43-тен № 79-ға дейін, жұп жағы № 68-ден № 102-ге дейін, Желтоқсан көшесі – тақ жағы № 67-ден № 93-ке дейін, жұп жағы № 54-тен № 76-ға дейін, Горький көшесі – тақ жағы № 59-ден № 77-ге дейін, жұп жағы № 60-тан № 76-ға дейін, Жамбыл көшесі – тақ жағы № 57-ден № 75-ке дейін, жұп жағы № 78-ден № 96-ға дейін, Папанин көшесі – тақ жағы № 79-дан № 81-ге дейін, жұп жағы № 68-ден № 70-ке дейін, Мир көшесі – тақ жағы № 3-тен № 49-ға дейін, жұп жағы № 4-тен № 52-ге дейін, Титов көшесі – тақ жағы № 9-дан № 21-ге дейін, жұп жағы № 20-дан № 60-қа дейін, Амангелді көшесі – тақ жағы № 3-тен № 57-ге дейін, жұп жағы № 8-ден № 84-ке дейін, Тәшитов, Абылай Хан көшелері.

      № 116 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Амангелді көшесі, № 90 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балапан бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Абай көшесі – тақ жағы № 7-дан № 91-ге дейін, жұп жағы № 22-ден № 74-ке дейін, Карбышев көшесі – тақ жағы № 29-дан № 35-ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 14-ке дейін, Папанин көшесі – тақ жағы № 1-ден № 77-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 66-ға дейін, Мир көшесі – жұп жағы № 54-тен № 64-ке дейін, Амангелді көшесі – тақ жағы № 59-дан № 71-ге дейін, жұп жағы № 86-дан № 100-ге дейінгі, Жұмабаев көшесі – тақ жағы № 101-ден № 113-ке дейінгі, жұп жағы № 116-дан № 136-ға дейін, Жұмабек Тәшенов көшесі – тақ жағы № 81-ден № 105-ке дейін, жұп жағы № 88-ден № 116-ға дейін, Гагарин көшесі – тақ жағы № 97-ден № 131-ге дейін, жұп жағы № 98-ден № 120-ға дейін, Пушкин көшесі – тақ жағы № 97-ден № 121-ге дейін, жұп жағы № 98-ден № 118-ге дейін, Қайсар Тәштитов, Сәбит Мұқанов, Надежда Крупская, Партизанская, Савицкая, Олег Кошевой, П. Филиппенко, Мәншүк Мәметова көшелері.

      № 117 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Зеленая көшесі, № 24 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, 9 Май көшесі – тақ жағы № 1-ден № 69-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 56-ға дейін, Гагарин көшесі – тақ жағы № 1-ден № 47-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 48-ге дейін, Жұмабаев көшесі – тақ жағы № 1-ден № 49-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 60-қа дейін, Титов көшесі – тақ жағы № 1-ден № 9-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 18-ге дейін, Пушкин көшесі – тақ жағы № 1-ден № 49-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 60-қа дейін, Амангелді көшесі – №№ 2, 4, 6, Жамбыл көшесі – тақ жағы № 1-ден № 55-ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 76-ға дейін, Горький көшесі – тақ жағы № 1-ден № 57-ге дейін, жұп жағы № 2-ден № 58-ге дейін, Желтоқсан көшесі – тақ жағы №1-ден № 65-ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 52-ге дейін; Народная көшесі – тақ жағы №1-ден № 49-ға дейін, жұп жағы № 2-ден № 58-ге дейін, Жұмабек Тәшенов көшесі – тақ жағы № 1-ден № 33-ке дейін, жұп жағы № 2-ден № 42-ге дейін, Гастелло, 25 лет Целины, Ғабит Мүсірепов, Терешкова, Кардон, Чкалов, Островский, Имақов, Сырғабеков, Клочков, Учхозовская көшелері, Фабричный оралымы, Больничный городок оралымы.

      № 118 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Тоқшын ауылы, Юбилейная көшесі, № 15 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Тоқшын мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Тоқшын ауылы.

      № 119 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Тюменка ауылы, Василий Мордвинов көшесі, № 37 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Тюменка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Тюменка ауылы.

      № 120 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Камышлово ауылы, Школьная көшесі, № 22 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Камышлово негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Камышлово ауылы.

      № 121 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Черкасское ауылы, Тарас Шевченко көшесі, № 13 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Черкасское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Черкасское ауылы, Новороссийское ауылы.

      № 122 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Добровольское ауылы, Украинская көшесі, № 13 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Добровольское негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Добровольское ауылы, Барыкөл ауылы, Кучковка ауылы.

      № 669 сайлау учаскесі:

      Орыналасқан жері: Смирново ауылы, Пушкин көшесі, № 24 А үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 3 Смирново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Южная, Панфилов, Молодежная, Первомайская, Сейфуллин, Лермонтов көшелері.

      № 670 сайлау учаскесі:

      Орыналасқан жері: Смирново ауылы, Амангелді көшесі, № 73 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Смирново әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Амангелді көшесі, № 73 үй.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады