Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 шілдеде № 7777-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559-15 болып тіркелген) көрсетілген шешімге қосымшада мынадай өзгерістер енгізілсін:

      № 98, № 100, № 114, № 115 сайлау учаскелері жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      № 98 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Власовка ауылы, Садовая көшесі, № 15 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Власовка ауылы, Сенное ауылы, Безлесное ауылы.

      № 100 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Шағалалы ауылы, Вадим Буторин көшесі, № 2 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

      шекаралары: Шағалалы ауылы, Южное ауылы.

      № 114 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Северная көшесі, № 103 үй, "Солтүстік Қазақстан Бөліп Тартаушы Электр Желілік Компаниясы" акционерлік қоғамының ғимараты (келісім бойынша);

      шекаралары: Смирново ауылы, Карбышев көшесі – № 1-ден № 17-ге дейін тақ жағы, Линейная, Әлия Молдағұлова, Дорожная, Северная, Заводская, Школьная, Жаңа тұрмыс, Шаховский, Қауданды, Бозарал, Жаңажол көшелері, Дорожный оралымы, Школьный оралымы, Северный оралымы.

      № 115 сайлау учаскесі:

      Орналасқан жері: Смирново ауылы, Алексей Щербаков көшесі, № 70 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Смирново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

      шекаралары: Смирново ауылы, Суворов көшесі – тақ жағы № 67-ден № 73-ке дейін, жұп жағы № 58-ден № 100-ге дейін, Алексей Щербаков көшесі – тақ жағы № 73-тен № 91-ге дейін, жұп жағы № 68-ден № 98-ге дейін, Геннадий Зенченко көшесі – тақ жағы № 43-тен № 79-ға дейін, жұп жағы № 68-ден № 102-ге дейін, Желтоқсан көшесі – тақ жағы № 67-ден № 93-ке дейін, жұп жағы № 54-тен № 76-ға дейін, Горький көшесі – тақ жағы № 59-ден № 77-ге дейін, жұп жағы № 60-тан № 76-ға дейін, Жамбыл көшесі – тақ жағы № 57-ден № 75-ке дейін, жұп жағы № 78-ден № 96-ға дейін, Папанин көшесі – тақ жағы № 79-дан № 81-ге дейін, жұп жағы № 68-ден № 70-ке дейін, Мир көшесі – тақ жағы № 3-тен № 49-ға дейін, жұп жағы № 4-тен № 52-ге дейін, Титов көшесі – тақ жағы № 9-дан № 21-ге дейін, жұп жағы № 20-дан № 66-ға дейін, Амангелді көшесі – тақ жағы № 1-ден № 57-ге дейін, жұп жағы № 8-ден № 84-ке дейін, Тәшитов, Абылай Хан көшелері.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі Р. Елубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аққайың аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады