"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шағалалы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің ауылындағы 70 лет Октября көшесі Бірлік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі |
Г. Добромирова |