"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лавровка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка ауылдық округінің Лавровка ауылында келесі көшелері қайта аталсын:
Ленин көшесін Еркін Әуелбеков көшесіне;
Калинин көшесін Тұрлыбек Әбілпейісов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Антоновка ауылдық округінің әкімі | Ж. Оразалин |