Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Бостандық ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 наурызда № 7455-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына cәйкес, Бостандық ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Кіші-Қарой ауылдық округінің Бостандық ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:

      Карл Маркс көшесін Кенесары көшесіне;

      Ленин көшесін Жолауши Рамазанов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады