ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының 1 тармағында:
1) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман – қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | М. Мухамедьяров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық мәслихаты