Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 23.10.2023 № 8/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда − болу құнының 1 (бір) пайызын бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |