Қызылжар ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 20/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 7438 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылжар ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Елеусизов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 17 қаңтардағы
  № 20/3 шешіміне
  қосымша

Қызылжар ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган), осы мақсаттарға аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйым басшыларымен бекітілген тізімдер негізінде, мамандардан өтінішті талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      Уәкілетті органмен жергілікті атқарушы органның жылыту маусымның басталуы туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізім ұсынылады.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен көрсетілген мекеме басшыларымен тізім берілген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады