Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 4/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 мамырда № 7497-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 16/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 28.12.2023 № 16/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Каримова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады